Размер шрифта:
«Worldskills Kazakhstan 2017»
10-03-2017 14:02
«Worldskills Kazakhstan 2017»

      Конкурсқа Қарағанды облысының 8 колледжінен 8 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, алайда барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды абыроймен атқарып шықты. Конкурс қатысушылары 3 модуль бойынша сынақтан өтті.

Модуль А А(Design) - «Kazakhstan» қонақүй кешені сайтының дизайны

Модуль  В (Client Side) - Fany Face клиенттік бағдарламалау.

Модуль С (Layout) - «Отель V»сайтты беттеу.

            Конкурстың тәуелсіз сарапшылары ретінде  колледждің әлеуметтік серіктестері қызмет етті:   

•  Жараспаев Рашид Нурланович «Казахмыс» ЖШС, Қарағанды облысы бойынша тұтынушыларды қолдау бөлімінің жетекші инженері;

• Сыздыкова Зулейха Анваровна, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінің магистрі;

• Тулеуов Пазылжан Жумагалиевич, Баримбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясы, ақпараттық технология бөлімінің инженері;

• Зинкевич Юрий Анатольевич, «Alsi – сервис» ЖШС инженері.

      Конкурс қорытындысы бойынша 8 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

1 орын -– Абдибеков Ансат, Теміртау политехникалық колледжі;

2 орын – Дмитришен Виктор, Қарағанды политехникалық колледжі;

3 орын –  Лигай Валерий, Қарағанды коммерциялық колледжі;