2017 жылдың 10 наурызында Қарағанды қаласыныңБалалар және жасөспірімдер сарайының базасында «Өлкетану заманауи оқушылардың этномәдени тәрбиесінің құралы ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинарға Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау аудандарының, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Шахтинск қалаларының негізгі және қосымша білім беру ұйымдарынан 26 педагог қатысты.
Тәжірибелік бөлім барысында қатысушыларға Қарағанды қаласының Балалар және жасөспірімдер сарайының және Шахтинск қаласының Балалар және жасөспірімдер орталығының өлкенатанушылық жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелер ұсынылды. Сәндік қолданбалы өнер (Есжанова Б.С.) және хореография (Аманжолова Г.К. және Коротких Ж.В.) бойынша шеберлік сағаттары өткізілді.
Семинардың екінші жартысында Бедельбаева М.В. т.ғ.к. Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық мұражайы бойынша мазмұнды экскурсия өткізді және семинар қатысушыларын археология, этнология және тарих факультетінің отандық тарих кафедраларының жұмыс тәжірибесімен таныстырды.