«Музыканы бірлесіп орындау – оқушылардың шығармашылығын дамыту әдісі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
2017 жылдың 13 наурызында Қарағанды қаласының «Қ.Аманжолов атындағы балалар музыка мектебі» КМҚК базасында стажер алаңының музыкалық бағыты бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, «Ансамбль» сыныбы бойынша балалар музыка мектептерінің, өнер мектептерінің педагогтарына арналған «Музыканы бірлесіп орындау – оқушылардың шығармашылығын дамыту әдісі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинарға облыстың 18 аймағынан 56 педагог қатысты. Қыл қобыз, домбыра, домбыра-тенор ансамблі бойынша ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өтті.