Размер шрифта:
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы студенттерінің кәсіби білім сапасын арттыру мақсатындағы «Эрудит» байқауы
15-03-2017 11:50
Техникалық және кәсіптік білім беру саласы студенттерінің кәсіби білім сапасын арттыру мақсатындағы  «Эрудит» байқауы

    Техникалық және кәсіптік білім беру саласы студенттерінің кәсіби білім сапасын арттыру мақсатында Қарағанды теміржол колледжінің базасында  2017 жылдың 15 наурызында теміржол бағыты оқу өндірістік шеберлері және арнайы пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің аясында «Эрудит» байқауы өтті.

    Байқауға аталған бағыт бойынша білім алып жатқан ТжКБ ұйымдарының студенттері қатысты.

Облыстық конкурс 4 турдан тұрды:

Командалардың шығармашылық сәлемдесуі

Командалар арасындағы конкурс «Әділқазылар алқасының сұрақтары»

Командалар арасындағы конкурс «Биатлон»

Командалар арасындағы конкурс «Орын алған қалыпсыз жағдайдағы іс-әрекет» (үй тапсырмасы).

         Әділқазылар алқасының құрамы:

1.    Карим Асет -  ТЧЭ-14  локомотив жөндеуді  бақылау бөлімінің маманы;

2.     Муканов Ерлан -  Қарағанды эксплутация локомотив депосының депо кезекшісі, Қарағанды жол бөлімінің  жастармен жұмыс жасау бойынша кеңесінің төрағасы;

3.    Отынбай Жұбаныш  - Қарағанды-Сұрыптау  бекетінің  өндірістік – техникалық бөлімінің басшысы.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:

1 орын – Қарағанды теміржол  колледжінің командасы;

2 орын – Қарағанды көлік-технологиялық  колледжінің командасы;

3 орын – Жезқазған бизнес және көлік колледжінің командасы.