2017 жылдың 15 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Теміртау қаласының «№24 ЖББОМ» КММ базасында облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Оқу шаттығы» жобасын іске асыру аясында «Оқу – болашақтың энергиясы» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Абай, Бұқаржырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балхаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Мақсаты: облыстық әлеуметтік-педагогикалық «Оқу шаттығы» жобасын іске асыру аясындабелсеңді оқыту әдістерін қолдану арқылы тәжірибе алмасу.
№4, 9, 24 мектептері мен қалалық №1 мектеп - гимназиясының педагогтері «Оқу шаттығы» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобасы аясында оқушылардың оқуға қызығушылығы мен оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс түрлерін жүргізуде.
Барлық бағыттар бойынша құзыреттілікті дамыту мен қалыптастырудағы өзектілік туралы БД ОӘО әдіскері Г. Г. Мукашева, қала мектептерінде жобаның жүзеге асу барысы бойынша Теміртау қаласы білім бөлімінің әдіскері А. Ш. Кусаинова пікір бөлісті.
Семинарда жобаның төрт бағыты көрсетілді: ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыс, ата-аналармен жұмыс және әлеуметтік серіктестік. Семинар барысында келесі іс-шаралар шығармашылық зертханасы, үйірме жұмысы, дебат, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстел, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен еңбек сабағы, сахналық өнер, музыкалық ертегісінен үзінділер көрсетілді.
Ашық және тәжірибелік сабақтарды Теміртау қаласы мектептерінің педагогтері: М. В. Бикмухаметова, О. В. Малахова, О. В. Носова, Ж. Хиса, Ж. Алданыш, А. М. Жакыпбекова, Е. Б. Фишер, Э. Б. Алдабергенова, Н. К. Бектасова, Г. И. Тюрина, М. М Тугарева, Т. В. Вяткина өткізді.
Семинардың құндылығы – педагогтердің нақты іс – тәжірибесі мен «Оқу шаттығы» облыстық әлеуметтік – педагогикалық жобасын білім үдерісінде қолдана білу.