2017 жылдың ақпан айының 6-нан наурыз айының 15-і аралығында «Болашақ инженерлер» облыстық жобасын іске асыру шеңберінде білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы «СИНЕРГИЯ» (SYNERGY) ғылыми-білім беру қорымен бірлесіп, «Үшөлшемді модельдеу» байқауын өткізді.
Байқау сырттай және күндізгі кезеңдерде өтті. Байқаудың сырттай кезеңінде облысымыздың 66 мектебінен 90 –нан астам оқушылардың жұмысы келіп түсті. Әділ қазылардың шешімімен үздік 20 жұмыс таңдалып, байқаудың күндізгі кезеңіне өтті.
2017 жылдың 15-ші наурызында байқаудың күндізгі кезеңі Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің базасында өтті.
Байқаудың күндізгі кезеңінде оқушыларға күрделілігіне қарай 3 түрлі тапсырма ұсынылып, критерийлеріне сәйкес қосымша ұпайлар берілді.
Байқаудың қорытындысы бойынша: І орынды – Қарағанды қаласының №66 орта мектебінің оқушысы Мусиенко Егор, ІІ орынды – Н.Нурмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Темиржан Эрнар, ІІІ орынды – Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің оқушысы Пилецкий Денис иеленді.
Марапаттау рәсімі кезінде қатысушыларға мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.