Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру
Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде білім басқармасы 2017 жылдың 27 наурыз мен 01 сәуір аралығында білім беру ұйымдарының педагог-психологтерін оқытудың бірінші кезеңін өткізеді.
Оқыту семинарының ұзақтығы 54 сағат. Оқудан облыстың 18 аймақтарынан орта білім беру ұйымдарының, ТжКБ, арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің, мамандандырылған мектеп-интернаттарының 100 педагог-психологі өтеді.
Оқуды «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» өткізеді.