2017 жылдың 29 наурызында Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды қаласының педагогикалық шеберлігі орталығы филиалы және Қарағанды қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы арасындағы өзара серіктестік туралы Меморандум негізінде, НЗМ ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойыншажылдық семинар циклінен облыстың 23 мектебі үшін семинар өтті.
Семинардың ерекшелігі білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімнің зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда CLIL (content and language integrated learning) қолдану, оқытудың мақсатына сәйкес оқу және тыңдау дағдыларын дамыту ерекшеліктері, Біріктірілген білім беру бағдарламаларын пәнаралық біріктіру, критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері болды. Тәжірибе алмасу «тең-теңімен» қағидасы бойынша өтті, және НЗМ мұғалімдерімен де, жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдерімен де бірлесе жоспарлау және топтық оқыту түрінде жүзеге асырылды.
Сабақтарға қатысу барысындағы оқыту мақсаты тек оқыту тәжірибесін көру ғана емес, мұғалімдердің жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруларына назар аудару болды. НЗМ мұғалімдері модератор ретінде сабақтарды талқылауға, облыстың 23 мектебінің мұғалімдері шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізуге қатысты.
Мұғалімдердің пікірі бойынша, семинар өте маңызды және пайдалы болды. Кері байланысқа сәйкес, семинар қатысушылары көп ақпарат, сонымен қатар оқуда оқушыларға көмек көрсету және сабақта мақсатқа табысты жету үшін тапсырмаларды критериалды бағалауды қалай енгізу туралы идеялар алды.