Размер шрифта:
2014 жылдың 18 желтоқсанында Қарағанды облысы ББД ОӘО «Эксперименттік 12 жылдық білім беру жағдайында пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.
19-12-2014 04:35
2014 жылдың 18 желтоқсанында Қарағанды облысы ББД ОӘО «Эксперименттік 12 жылдық білім беру жағдайында пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

     2014 жылдың 18 желтоқсанында Қарағанды облысы ББД ОӘО «Эксперименттік 12 жылдық білім беру жағдайында пәндерді оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өтті. Бұл семинарға Қарағанды қаласының № 92 гимназия, № 27 ЖББОМ және Абай қаласының №14 МЛ директорлары, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен 12-ші сыныпта дәріс беретін мұғалімдер қатысты. Семинардың басты тақырыбы ҰБТ-ге дайындау мәселесіне арналған. Семинарда өз  оқу орындары атынан сөз алған № 92 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Әбділдә Е.К және тарих мұғалімі Тусипханов Ә. Ә., № 27 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Куджанова Ж.Т., математика мұғалімі Жакешев Б.Д., №14 МЛ физика мұғалімі Михеева Т.В.,  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Бутримова Н.А. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында эксперименттік сыныптарда ҰБТ-ге сапалы дайындықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру және осыған байланысты проблемалар бойынша  ой бөлісті. 11 жылдық пен 12 жылдық мектеп бағдарламасының сәйкес келмеуі мұғалімдерді алаңдатады, өйткені мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді 11 жылдық мектеп бағдарламасы аясында тапсырады.