Размер шрифта:
2017 жылдың 17-29 наурызында Қарағанды технико-құрылыс колледжінің базасында жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру мақсатында «Құрғақ құрылыс» бағыты бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты өтті.
30-03-2017 09:27
2017 жылдың 17-29 наурызында  Қарағанды технико-құрылыс колледжінің базасында жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру мақсатында «Құрғақ құрылыс» бағыты бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты өтті.

«Worldskills Kazakhstan 2017»

         2017 жылдың 17-29 наурызында  Қарағанды технико-құрылыс колледжінің базасында жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру мақсатында «Құрғақ құрылыс» бағыты бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты өтті.

         Конкурсқа Қарағанды облысының 12 колледжінен 12 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, алайда барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды абыроймен атқарып шықты. Конкурс қатысушылары 2 модуль бойынша сынақтан өтті.

         Конкурстың негізгі бағалау өлшемдері: арнайы киімдердің және аяқкиімдердің, жұмыс үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуы, технологиялық үрдіс кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмысты жүзеге асыру барысында сапа және бақылауға назар аудару.

        Конкурс қорытындысы бойынша 12 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

1 орын – Қарағанды технико-құрылыс колледжінің студенті ;

2 орын -  Теміртау политехникалық колледжінің студенті;

3 орын – Қарағанды политехникалық колледжінің студенті.