«Плитамен қаптау» құзіреттілігі бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты
30-03-2017 10:26
«Плитамен қаптау» құзіреттілігі бойынша  Worldskills аймақтық чемпионаты

     Жұмысшы мамандықтарын насихаттау және  студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында  2017 жылдың 1 наурызынан Worldskills өңіраралық чемпионаты өз жұмысын бастады.

     Қарағанды технико және құрылыс колледжінде 27-29 наурыз аралығында аталған байқаудың «Плитамен қаптау» құзіреттілігі бойынша сайысы өткізілді. Конкурсқа облыс колледждерінен 6 студент қатысып, кәсіби дәрежелерін көрсетті.

     Аталған байқауға әлеуметтік серіктестер қатысып, жүлделі орындарды анықтауға өз үлестерін қосты.

    Конкурс басталмас бұрын бас сарапшы жұмыс шарттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді.

    Чемпионаттың байқау күні жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды. Студенттердің жеңісін тәлімгерлер, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бөлісті. Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:

1 орын – Дүйсенбеков Сабыржан,Қарағанды технико – құрылыс колледжі;

2 орын – Иосиф Панкрац, Қарағанды политехникалық колледжі;

3 орын – Мыңбай Орал, Жезқазған политехникалық колледжі