Кәсіби шеберлік байқауының «Шаштараз өнері және декоративті косметика» құзіреттілігі бойынша конкурсы
Әлем бойынша кәсіби дайындық және біліктілік стандарттарының дәрежесін көтеріп, өрістету мақсатындағы «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2017» кәсіби шеберлік байқауының «Шаштараз өнері» құзіреттілігі бойынша конкурсы наурыздың 30-31 жұлдызында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінде өтті.
Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 9 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, конкурс қатысушылары 5 модуль бойынша сынақтан өтті:
МОДЕЛЬ А1 – Үш көрсеткішке негізделген ұзын шашты әйел адамдарға арналған жинақы сәнді үлгісі
МОДЕЛЬ B1– Сәнді үлгідегі шаш қию және таңдалған түске бояу
Модель C1 - Ер адамдарға арналған классикалық шаш үлгісі
МОДЕЛЬ D 1 – Ерлерге арналған сәнді шаш үлгісі және бояу
Конкурс қорытындысы бойынша 9 үміткердің үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:
1 орын - Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің студенті, жетекшісі Намакова Оксана Павловна, оқу өндірістік шебері.
2 орын - Қарағанды технология және сервис колледжінің студенті, жетекшісі Балмаганбетов М.А., оқу өндірістік шебері.
3 орын – Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің студенті