Размер шрифта:
Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ботагөз» сәбилер балабақшасы» КМҚК негізінде ашылған «Сырттай балабақша» жобасындағы Кеңестік пунктің жұмысы» тақырыбында өткізілген облыстық семинар туралы есеп
11-04-2017 12:04
Шахтинск қаласының әкімдігі Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Ботагөз» сәбилер балабақшасы»  КМҚК негізінде  ашылған «Сырттай балабақша» жобасындағы  Кеңестік пунктің жұмысы» тақырыбында өткізілген  облыстық семинар туралы есеп

           11 сәуір күні 2017 ж., Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Шахтинск қаласының «Ботагөз» сәбилер балабақшасы» КМҚК негізінде ашылған «Сырттай балабақша» жобасы шеңберінде «Кеңестік пунктің жұмысы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда балабақша педагогтары осы жобадағы жұмыстары туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

          Семинарға Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Балхаш, Шахтинск, Абай қалалары  мен Молодежный кентінен 20 педагог қатысты.

         Семинарға қатысушыларға «Сырттай балабақшаға»  келетін сәби жасындағы балалардың ата-аналары үшін оқытып үйрету мақсатында  шеберлік сыныптары көрсетілді. Барлық көрсетілген шеберлік сыныптары сәбилердің эмоционалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

        Ата-аналар да белсене қатысып, өздерінің қабілеттерін көрсетті: өз балалары үшін бесік жырын құрастырды, әр-түрлі музыкалық ойындармен танысты, бейнелеу өнерінде өз дарындарын танытты. Ата-аналар  «Ботагөз» балабақшасы  «Шахтинск қаласының Әубәкір Исмаилов атындағы Балалар көркемсурет мектебі» КМҚК-мен ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізетіндіктен, дәстүрлі емес техникаларды пайдалана отырып сурет салды.

        Сондай-ақ қатысушылардың назарына «Театр болып ойнаймыз» шеберлік сыныбы ұсынылды. Бұл жерде де ата-аналар театрланған қызметке лайық өздерінің қабілеттерін көрсетті. Пластикалық қасықтар мен стақандардан қуыршақтар жасап, ертегінің аяғын өздерінше ойластырып көрсетті.

      Семинарда Қарағанды облысы әдіскерлерінің есебі тыңдалды, «Сырттай балабақша» жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша әріптестерімен туындаған   мәселелер  бойынша ой бөлісті.