Размер шрифта:
«Іс-тәжірибемізбен бөлісеміз»
12-04-2017 12:33
«Іс-тәжірибемізбен бөлісеміз»

      2017 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп – интернатында «Іс- тәжірибемізбен бөлісеміз» жобасы аясында " Жаратылыстану-математика пәндері сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп интернаттары, Қарағанды қаласы мектептері және «Ауыл–қала» жобасына қатысушы Бұқаржырау ауданының жаратылыстану математика бағытының мұғалімдері қатысты.

     Семинарда жаратылыстану-математика бағыты бойынша 9 ашық сабақ, 2 коучинг өткізілді. Семинар соңында «Болашақ – білімді жастардың қолында» тақырыбында оқушылардың ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар саны: 43 мұғалім.