«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің инновациялық дамуын басқару» біліктілік арттыру курстары басталды
2017 жылдың 10 сәуірінде Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми –педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының ұйымдастыруымен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының базасында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептің инновациялық дамуын басқару» тақырыбында білім беру ұйымдары директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған 10 күндік біліктілік арттыру курсы басталды.
Біліктілік арттыру курсына Қарағанды облысы білім беру ұйымдарынан барлығы 22 директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысып отыр.