2017 жылғы 12-13 сәуірде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының тәлімгерлері үшін 2017 жылғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын және бос уақыттарының қамтылуын ұйымдастыру бойынша облыстық оқыту семинары өтті.
Семинарда балалардың сауықтыру демалысы мен қамтылуы бойынша бағдарламаларын құру; жазғы демалысты ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету; ойындар, сайыстар, конкурстық бағдарламалар өткізу әдістемесі; жазғы лагерьде балалардың музыкалық-ойындық әрекеттерін ұйымдастыру және командалық әрекеттестігін дамыту тренингтері көрсетілді.
Оқыту семинарына қатысушылар декоративтік-қолданбалы өнер және театрлық шеберлік бойынша шеберлік сыныптарға қатысты.
Семинарға облыстың 16 аймақтарының білім беру ұйымдарынан барлығы 40 тәлімгер қатысты.