Дарынды балаларға – талантты мұғалім.
14-04-2017 13:30
Дарынды балаларға – талантты мұғалім.

Дарынды балаларға – талантты мұғалім.

          14 сәуір күні білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Дарынды балаларға – талантты мұғалім» Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу туры өтті.

          Олимпиада мақсаты: жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі жүзеге асыруларын дамытуға жағдай жасау; жас мұғалімдердің білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қарым-қатынасын қалыптастыру.

          Конкурсқа Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Нұра, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Саран, Сәтбаев, Жезқазған, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Қарағанды қалаларынан барлығы 33 жас педагог, педагог-психолог және тәлімгерлер қатысты. Қатысушылардың әр қайсы оқу үрдісінде педагогикалық міндеттерді шешу және жобалау қабілеттерін көрсетті.

         Дарынды балаларға – талантты мұғалім Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық іріктеу турының жеңімпаздары:

Жас педагогтар:

         Бірінші дәрежелі диплом –Жасымбекова Айгерим Рысбековна,Балқаш қаласы, №8 ЖББОМ.

Екінші дәрежелі диплом –Приймак Наталья Степановна, Қарағандықаласы №63 ЖББОМ.

Үшінші дәрежелі диплом ––Кусов Владимир АнатольевичТеміртау №20 мектеп-лицей

Педагог- психологтар:

         Бірінші дәрежелі диплом – Мухсинов Ернур Сергалиевич, Балқаш қаласы, №3 ЖББОМ.

Екінші дәрежелі диплом – Оразалина Гүлім Сағындыққызы Жезқазған қаласы, №7 мектеп-лицей.

Үшінші дәрежелі диплом – Косторова Кристина Вадимовна, Қарағанды қаласы №33 МББК.

Тәлімгерлер:

         Бірінші дәрежелі диплом – Акимбекова Асия Ромазановна, Абай ауданы, Топар п., Корниенко ат. ҚББМО.

Екінші дәрежелі диплом – Жумажанов Дархан Есимханұлы,

Қарағанды қаласы, № 77 МББК.

Үшінші дәрежелі диплом – Халлирахманова Анжелика Мазгаровна, Қарағанды қаласы, № 62 ЖББОМ.