Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру
2017 жылғы 17 сәуірден 22 сәуір аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу жобасын енгізу бойынша Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде білім беру ұйымдарының педагог-психологтерін оқытудың үшінші кезеңін өткізеді.
Оқыту семинарының ұзақтығы 54 сағат. Облыстың 18 аймақтарынан орта білім беру ұйымдарының, ТжКБ, арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының, балалар үйлерінің, мамандандырылған мектеп-интернаттарының 100 педагог-психологі оқытылады.