2017 жылдың 24 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында әдіскерлер мен әдістемелік комиссия төрағаларына арналған үш күндік оқу семинары басталды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жағдайында ерекше назар аударуды қажет ететін студенттермен жұмыс істейтін педагогтардың кәсіптік құзіреттілігін арттыру мақсатында 2017 жылдың 24 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Инклюзивтік білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында әдіскерлер мен әдістемелік комиссия төрағаларына арналған үш күндік оқу семинары басталды.
Семинар ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың қабілетін ескере отырып арнайы және жалпы пәндер бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасау мәселелеріне негізделген.
Семинарға ТжКБ ұйымдарынан 44 оқытушы қатысуда.