21.04.2017 жылы Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы Теміртау қаласы №21 «Самал» балабақшасы негізінде облыстық «Жас оқырман» жобасы аясында семинар-практикум өтті.
Өту мақсаты: Облыстық «Жас оқырман» жобасын жүзеге асыру аясында «Оқу шаттығы» жобасы семинар-практикум контекстінде оқыту және тәрбиелеудің белсенді әдістерін қолдану.
Семинарға 30 дан аса педагогтар Абай, Бухар –Жырау, Қарқаралы, Жаңарқа, Шет, Нұра аудандары мен Қарағанды қаласы және Теміртау, Балхаш, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларынан қатысты.
Семинарда осы жоба бойынша мынадай бағытта іс-шаралар көрсетілді: ата – аналармен жұмыс, кітапхана мен логопед арасындағы әлеуметтік серіктестік, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тарихи – мәдени орталығының өкілдері қатысты. Педагогтер ата – аналар мен педагог арасында оқырман компонентін күшейту үшін жұмыстың қазіргі заманғы флешмоб, либмоб, кітапханалық квилт, сторисек әдістері мен нысандары арқылы көрсетті
Барлық жүргізілген іс–шаралар мазмұны жағынан және өткізу тұрғысынан ерекшеленеді. Семинардың практикалық бөлігі балаларға, ата – аналар мен педагогтерге арналған кітап оқуды қалыптастырудағы кретериалық диогностикалық құрылғы құру туралы талқылауды енгізу болды.
Жоба идеясын педагогтердің біліктілік қабілеттерінің арқасында, кітап оқудың әлеуметтік маңызын көрсете отырып, тыңдаушыларға орасан зор әсер қалдыра білді.
Семинардың эмоционалдық атмосферасы барлық қатысушылар арасында жағымды көңіл-күй қалдырды. Қорытынды рефлексиялық талдамалар нәтижелері семинар елеулі компонент екені, инновациялық әлеуеті бар практикалық – бағдарланған стандартты емес түрде өткенін көрсетті.