Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы «№92 гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Акмагамбетова А.М. «Жиынтық бағалау және оны жүргізу жолдары» тақырыбындаон лайн семинар өткізді.
Семинардың мақсаты жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жиынтық бағалау және жиынтық бағалауды іске асыру жолдары туралы тәжірибе алмасу.
Семинар барысында мұғалімдер топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, жиынтық бағалау жүргізудегі оқу мақсаттарын анықтап, ата – аналарға арналған рубрика құрастырды.
Сауат ашу пәнінен №1 және №2 жиынтық бағалаудың оқу мақсаттарын белгілеп, сол бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда қамтылмаған оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу тәсіліне тоқталды.
Кері дизайн технологиясы, басымдықтарды айқындау, дағдыларды анықтау және осының барлығының нәтижесі туралы саралай келе, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды салыстырды. Семинарға қатысушылар өздері қорытынды жасай отырып, пікірлерін айтты.