Размер шрифта:
«ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» САЛАСЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ОӘБ ОТЫРЫСЫ
25-04-2017 02:58
«ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» САЛАСЫ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ  ОӘБ ОТЫРЫСЫ

      2017 жылдың 25 сәуірінде Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру мақсатында, «Тамақтануды ұйымдастыру» саласы оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

     Аталған колледждің арнайы пәндер оқытушысы Горбатюк Н.Н. және оқу өндірістік шебері Зубарева Т.Е. өндірістік оқудың барлық элементтері біріктірілген  мастер-класс өткізді. Мастер-класс тақырыбы: «Картоп катлеті мен зразаның дайындалуы». Отырыс барысында оқытушылар мастер-классты талдап, өз ойларын ортаға салды.

    Отырыс жұмысына  облыс  колледждерінен 12 оқытушы қатысты.