«Технология сабақтарында қаржылық сауаттылықты кіріктіру» тақырыбында облыстық семинар өтті
28-04-2017 03:33
«Технология сабақтарында қаржылық сауаттылықты кіріктіру» тақырыбында облыстық семинар өтті

     2017 жылдың 28 сәуірінде Шет ауданының Ақадыр кенті Гагарин атындағы мектеп-лицейінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен технология пәні мұғалімдеріне арналған «Технология сабақтарында қаржылық сауаттылықты кіріктіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

     Семинарға Балқаш, Шахтинск, Қаражал, Теміртау, Приозерск қалалары және Жаңаарқа, Бұқар жырау, Шет аудандары мектептерінің технология пәні мұғалімдері қатысты.