Размер шрифта:
БЖЖ сарайы және ОС директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балаларға қосымша білім беруді үйлестіруші әдіскерлерге арналған оқытушы семинар өткізді.
24-12-2014 09:39
БЖЖ сарайы және ОС директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балаларға қосымша білім беруді үйлестіруші әдіскерлерге арналған оқытушы семинар өткізді.

 

 

 

     2014 жылдың  19 желтоқсанында Қарағанды қаласының балалар және жеткіншектер сарайында, оқу әдістемелік ортылығының әдіскерлері Елешева С.М., Адыханова С.А. және ғылыми жұмыс әдіскері Исаинова М.М. «Қосымша білім беретін көпсалалы ұйымдардың  әдістемелік жұмыстарының инновациялық формалары» тақырыбында БЖЖ сарайы және ОС директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балаларға қосымша білім беруді үйлестіруші әдіскерлерге арналған оқытушы семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмысты жобалаудың қазіргі заманғы механизмдері, әдістері мен технологияларын меңгеру.

Семинардың міндеттері:

-         балаларға қосымша білім берудегі жаңа әлеуметтік сұраныстарға талдау жүргізу;

-         балаларға қосымша білім беруде сапалылықты арттыру үшін керек жағдайларды белгілеп көрсету;

-         ҚББӘБәдіскер қызметкерлерін әдістемелік жұмыс пен оның инновациялық формалары жөнінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;

-         ҚББӘБ әдіскер қызметкерлеріне кәсіби шеберліктерін арттыруға қолдау көрсету.