Шағын жинақталған мектеп директорларына арналған курс болып өтті.
Қарағанды облысы ББД оқу-әдістемелік орталығында 2017 жылдың 24 сәуір 5 мамыр аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Мемлекеттік тапсырысқа сәйкес «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің білім беру процесін басқару» тақырыбында, Қарағанды облысы шағын жинақталған мектеп басшыларына арналған кәсіби біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс кураторы Менеджмент және Ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Жаксылықова Кенжекул Зарлыхановна. Қатысушылар саны: 25.