«Көркемдік білім берудің шығармашылық тұлғаны қалыптастырудағы рөлі» кеңейтілген отырысы өтті.
2017 жылдың 12 мамырында Қарағанды қаласының «№1 өнер мектебі» КМҚК базасында балаларға қосымша білім беру ұйымдарының көркемөнер бөлімдері педагогтерінің әдістемелік бірлестігінің «Көркемдік білім берудің шығармашылық тұлғаны қалыптастырудағы рөлі» кеңейтілген отырысы өтті. Семинарға 12 аймақтан 45 педагог қатысты.
Семинар шеңберінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының мұғалімдері М.С Калмахановамен(акварель бойынша), И.А.Жученкомен (компьютерлік графика бойынша) шеберлік сыныптары өткізілді.