Қарағанды облысы педагог қызметкерлерінің «Өркен» қоғамдық бірлестігінің (ассоциация) облыстық форумы
2017 жылдың 20 мамырында Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат базасында Қарағанды облысы педагогтарының «Өркен» қоғамдық бірлестігінің (ассоциация) «Білім мазмұнын жаңарту-ұстаздар көзімен» тақырыбында форумы өтті. Пікірталас алаңдарында облыс мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Облыстың түпкір-түпкірінен келген ұстаздар критериалды бағалау, үй тапсырмасын мөлшерлеу, 2, 5, 7 сыныптардағы мазмұны жаңартылған оқулықтар жайында пікір алмасты.
Форумға барлығы 200 мұғалім қатысты.