Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2014 жылдың 24 желтоқсанында «Ағылшын тілі сабағында жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» атты семинар өтті.
Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған практикалық семинар
Тақырыбы: «Ағылшын тілі сабағында жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру»
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2014 жылдың 24 желтоқсанында «Ағылшын тілі сабағында жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру» атты семинар өтті. Семинарға Абай, Осакаровка, Ақтоғай, Нұра, Жанаарқа, Қарқаралы, Шет, Бухаржырау аудандарынан 22 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. №66 ЖББОМ ағылшын тілі мұғалімі Сарсембаева А.Ж. осы тақырып бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Теориялық бөлімде жобалардың түрлері мен жасау жолдары корсетіліп, практикалық бөлімде қатысушылар топқа бөлініп әр-түрлі тақырыпта жобалар жазып үйренді.