Размер шрифта:
Бір аймақ-бір кітап
22-05-2017 13:37
Бір аймақ-бір кітап

     Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, «Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясының қорытындысы ретінде 2017 жылдың 22 мамырында «Кітап-өмірлік ұстаз» атты онлайн-телекөпір өтті.

     Телекөпір барысында  Қарағанды, Балқаш, Приозерск қалалары және Жанаарқа, Осакаровка аудандарының оқушылары, мұғалімдері кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеу мәселесін талқылады, сонымен қатар Акция барысында оқыған шығармалары бойынша түйген ойларын айтып, пікір алмасты:

2-4 сынып -  Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері;

5-7 сынып –  Бердібек Соқпақпаев «Балалық  шаққа саяхат» повесі;

8-9  сынып - Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесі;

10-11 сынып - Дулат Исабеков «Гауһартас» повесі.

Телекөпірге облыстың   135 мектебі қатысты.