Размер шрифта:
Оқушыларды критериалды бағалаудың мәселелері және шешу жолдары
31-05-2017 03:24
Оқушыларды критериалды бағалаудың мәселелері және шешу жолдары

        Қарағанды облысы ББД оқу-әдістемелікорталығы базасында 2017 жылдың 30-31 мамыр күндері«Оқушыларды критериалды бағалаудың мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындасеминар өткізілді.

        Семинар мақсаты: білім беру жүйесіне критериалды бағалауды енгізу, бағалау құралдарын әзірлеу бойынша тәжірибе алмасу.

        ББД ОӘО әдіскері Г. Г.Мукашева, Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Г. Х. Оспанова облыс мектептерінің 1 сыныптарына сабақ беретін мұғалімдердің сауалнамасына қорытындыжасап, оқушыларды критериалды бағалаудың мәселелері және оның шешу жолдары туралы хабарлама жасады.

         Қарағанды, Теміртау, Сарань және Абай аудандарыныңбірінші сынып мұғалімдері «Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу», «Сабақты нәтижелі жоспарлау – табысты сабақ кепілі», «Тіл сабақтарында тыңдалым, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамыту» тақырыптарында әр түрлі формадашеберлік сыныптар өткізді.

           Семинарға әдістемелік бірлестік жетекшілері, критериалды бағалау бойынша мектеп және аймақ үйлестірушілері яғни, Абай, Бухаржырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жанаарқа аудандары мен Сарань, Жезқазған, Сатпаев, Приозерск, Теміртау, Балхаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан, барлығы 120 педагог қатысты.