Размер шрифта:
«Оқу шаттығы» жобасының шеңберінде «Бастауыш сынып оқушыларының оқу біліктілігін дамыту мәселелері, келешегі»
05-06-2017 12:45
«Оқу шаттығы» жобасының шеңберінде «Бастауыш сынып оқушыларының оқу біліктілігін дамыту мәселелері, келешегі»

«Оқу шаттығы» жобасының шеңберінде «Бастауыш сынып оқушыларының оқу біліктілігін дамыту мәселелері, келешегі»

         2017 жылдың 5 маусымында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен «Оқу шаттығы» жобасының 3 жылғы қорытындысын шығару бойынша «Бастауыш сынып оқушыларының оқу біліктілігін дамыту мәселелері, келешегі» тақырыбында пікірсайыс алаңы өткізілді.

         Мақсаты: бала оқуы саласындағы мәселелерді талқылау, жобаны жүзеге асыру бойынша ең үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және жалпылау.

         Пікір сайыс алаңының жұмысы әр мектеп жобаны жүзеге асыру бойынша өздерінің жұмыс тәжірибелерін көрсеткен  4 бағыт бойынша өтті.

          Барлығы 13 аймақтан 120 педагог, жобаға қатысушы 33 мектеп қатысты.

         Қорытынды шығару шеңберінде аймақтардың жобаны жүзеге асырулары бойынша стендтік презентациялар және бастауыш сыныптарда бала оқуын дамыту және қолдау көрсету байқаулары өткізілді.

      Стендтік презентация жеңімпаздары:

          1 орын –  Саран қ., жобаға қатысушы мектептер - №16 НМ, №1 НМ, №6 НМ,  №17 ЖББОМ;

         2 орын– Жаңаарқа ауданы,О. Жұмабеков атындағы ОМ;

         2 орын– Бұқар жырау ауданы, Токаревка ОМ, Үштөбе ОМ,  Елтай ОМ;

         3 орын – Балқашқ.,  гимназия, №15 мектеп-лицей;

         3 орын –Абай ауданы,  №9 МББК, №14 мектеп-лицей, №10 мектеп-гимназия.

          Бастауыш сыныптарда бала оқуын дамыту және қолдау көрсету бағдарламаларын әзірлеу бойынша жеңімпаздар:

         1 орын– Балқашқ,  гимназия, №15 мектеп-лицей;

         2 орын– Жаңаарқа ауданы,О. Жұмабеков атындағы ОМ;

         2 орын – Осакаров ауданы, №9 гимназия,№12 ОМ, № 2 ОМ  Есиль а.   

         3 орын –  Қарағанды қ., №1 гимназия, №39 гимназия;

         3 орын –Приозерск қаласы,№1 ЖББОМ, №2 ЖББОМ.