«Қазіргі заманғы ақпараттық ортада оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру»
2017 жылдың 6 - 7 маусым аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығында мектеп директорының орынбасарларына арналған «Қазіргі заманғы ақпараттық ортада оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту курсы өткізілді. Курсқа барлығы 75 мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.