Қарағанды облысынның пилоттық мектептерінде үштілді білім беруді енгізу барысы туралы
2017 жылдың 7 маусымында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы үштілді білім беруді енгізу мәселелері бойынша пилоттық мектептердің директорларымен облыстық кеңес өткізді. Кеңес қатысушылары облыстағы үштілді білім беруді жүзеге асырудың 2016-2017 оқу жылындағы қорытындыларымен танысты және келесі оқу жылында үштілді білім беруді енгізу аясындағы өзекті мәселелерді талқылады. Пилоттық мектептердің директорлары үштілді білім беруді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын ұсынды. Кеңеске 41 білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.