2017 жылдың 28 -30 маусым аралығында Қарағанды қаласының 92 гимназиясының базасында «Білім беру саласындағы реформаларға салыстырмалы талдау» тақырыбында семинар өтіп жатыр. Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының шақыруымен, семинарды өткізуге ресейлік педагог және қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәскеу әлеуметтік және экономика ғылымдарының жоғары мектебінің «Білім саласындағы менеджмент» факультетінің деканы Ленская Елена Анатольевна арнайы келді.
Ленская Е.А. білім беру мәселелері бойынша көптеген ресейлік және халықаралық басылымдардың авторы, бірнеше халықаралық жобалар бойынша басшылар кеңесінің мүшесі. Британдық кеңестің мәскеулік кеңсесінің білім беру секторын басқара отырып, ресейлік-британдық білім беру ынтымақтастығын дамытуға елеулі үлес қосқан. 2007 жылы Британ империясы орденімен марапатталған.
Семинар жұмысына әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысып отыр. Семинарға қатысушылар келесі тақырыптар бойынша дәрістерге қатысады:
1. Ең үздік білім беру жүйелері жоғары нәтижелерге қалай қол жеткізеді?
2. Финляндия және Сингапур: табысқа жетудің түрлі жолдары.
3. Неліктен әлемде Британдық білім беру жүйесі жоғары бағаланады?
4. Әлемнің үлкен қалаларындағы білім беру реформалары.
5. TALIS зерттеуінен біз не білдік?
6. Ұлттық жүйені бағалау сапасы, мүмкіндіктері мен шектеулері.
7. Ресейдегі және әлемдегі білім беру стандарттары.
8. Ресейдегі және әлем елдеріндегі педагогтардың кәсіби дамуы мен дайындық мәселелері.
9. Мектептік басқарушылық кеңес және олардың білім беруді дамытудағы рөлі.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.