2017-2018 оқу жылының Білім күні сабағын өткізуге байланысты семинар.
2017 жылғы 11 тамызда Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының тапсырмасы бойынша Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылында Білім күні сабағын өткізу және ұйымдастыруға байланысты семинар өткізілді.
Семинар жұмысына қалалық/аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысына жетекшілік ететін әдіскерлері; мамандандырылған мектеп-интернаттардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.