Қарағанды облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 18 тамызында «Қазақстанның жаңғыруы – білімнің үлесі»білім беру қызметкерлерінің тамыз педагогикалық кеңесі аясында № 3, 92, 93 гимназияларының базасында секциялық отырыстар өткізілді.
6 бағыт бойынша жұмыс жасаған секцияларға облысымыздың 182 педагогтері және «Өрлеу» БАҰО, Қарағанды қ. педагогикалық шеберлік орталығы филиалының өкілдері мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары қатысты.
Әр секциялық жұмыс шеберлік сынып, пікірсайыс алаңы, коучинг, тренинг, іскерлік ойын түрінде өтті.
Шараны өткізу барысында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру және мектептегі эксперименттік жұмыс пен ауыл жағдайындағы инновациялық мектепті басқару, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау, сабақтағы кері байланыстың тиімділігі, дене шынықтыру сабақтарында заманауи жаттығу технологияларын қолдану және үш тілді білім беруді жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша білім берудің алдағы басым бағыттарын анықтайтын қорытынды ұсынымдар қабылданды.