ЭКОНОМИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КУРСЫ
25-08-2017 04:17
ЭКОНОМИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КУРСЫ

2017 жылдың 21-25 тамыз аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Экономика негіздері және қаржы сауаттылығы» курсын оқытатын экономика мұғалімдерінің курсы өткізілуде.

Курста облыстың сегіз аймағының 54 мұғалімі оқып жатыр. Курсты Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары экономика ғылымдарының кандидаты Райханова Г.А., халықаралық бизнес және құқық кафедрасының аға оқытушысы Ескендир Н.Н., Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының экономика мұғалімі Абеуова М.А. және Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының экономика мұғалімі Садуова Ж.К. жүргізуде.

Курс соңында мұғалімдер өз жобаларын қорғайды және оларға сертификат табыс етіледі.