Размер шрифта:
Технология мұғалімдерінің шығармашылық топ отырысы өтті
04-09-2017 08:06
Технология мұғалімдерінің шығармашылық топ отырысы өтті

      2017 жылдың 4 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2017-2018 оқу жылына арналған 5, 7 сыныптар үшін көркем еңбек пәнінен ұзақ мерзімді жоспар құру туралы технология пәні мұғалімдерінің шығармашылық топ отырысы өтті.

      Отырысқа Қарағанды қаласынан №101, 53 МЛ, №92, 93 гимназияларынан, №8, 16 ЖОББМ-нен технология пәні мұғалімдері қатысты.

      Отырыстың қорытындысы бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес 5, 7 сыныптарға арналған көркем еңбек пәнінен ұзақ мерзімді жоспар құрылды.