Размер шрифта:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің шығармашылық тобының отырысы өткізілді.
05-09-2017 10:31
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің шығармашылық тобының отырысы өткізілді.

     2017 жылдың 5 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында балабақшалар, шағын-орталықтар және мектепалды даярлық сыныптарында педагогтердің жұмысын жоспарлау мәселелері бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің шығармашылық тобының отырысы өткізілді.

     Абай ауданы, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының әдіскерлері қатысты. Отырыста: 5-ші апта жұмысын жоспарлау, мамандардың циклограммасы, арнайы түзету және сауықтыру балабақшаларының жұмысын жоспарлау мәселелер қарастырылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша МДТ мен ОМЖМС сәйкес жаңа форматты жоспарлаудың әдістемелік нұсқаулығының жобасын әзірлеу ұсынылды.