«Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтың) білім беру қызметін жобалау» атты тірек (РО) және магниттік мектептердің директорларына арналған семинар-тренинг өткізді.
08-01-2015 04:34
«Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтың) білім беру қызметін жобалау»  атты  тірек (РО)  және магниттік мектептердің  директорларына арналған  семинар-тренинг өткізді.

Ауыл мектебін дамыту  – жалпыұлттық проблема

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2015 жылдың 5-6 қаңтарында «Тірек мектептерінің (ресурстық орталықтың) білім беру қызметін жобалау»  атты  тірек (РО)  және магниттік мектептердің  директорларына арналған  семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингтіңнегізгі мақсаты: тірек мектептерін (ресурстық орталықтарын) құру және қалыптастыруда құзырлылықты дамытуды қамтамасыз ету.

Семинар-тренингтің мазмұны - Қарағанды облысындағы ресурстық орталықтардың білім беру іс-әрекетін ұйымдастыруы бойынша практикалық тәжірибе негізінде құрылып, осы сияқты білім беру кешендерін басқаратын білім беру басшыларының жеке  басқару механизмін жетілдіруге бағытталған.

Семинар жұмысына барлығы 55 адам қатысты. Тірек мектебі (РО) және шағын жинақты мектептеріндегі білім беру үдерісінің ерекшеліктері бойынша қызу талқылау нәтижесінде көптеген мәселелер көтеріліп,  оларды шешудің негізгі бағыттары анықталды.

Семинар барысында Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы тірек мектебінің директоры С.К.Акберегенова, Ұлытау ауданы  Ж.Жабаев атындағы № 15 Қарсақбай орта мектебінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары А.С.Шалгынбаева, Бұқар жырау ауданыРостов тірек мектебінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары А.К Маханова, Осакаров ауданыОсакаров кентіндегі № 9 гимназия базасындағы тірек мектебінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Р.Ж Жиренбай өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Жұмыс барысында семинарға қатысушылар шағын жинақталған мектептерді дамыту лабораториясы құрастырған әдістемелік құрал мен хрестоматиялық материалдарды қолданды.