27.09.2017 жылы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық топ отырысы «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығына «Дене шынықтыру» пәндері бағдарламасы бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныстар мен ескертулерді қарастырды.
Шығармашылық топ отырысына: Перепелица И.Г. – Шахтинск қаласының №7 ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі, Сейтмуратов Е.М. – «Дарын» ММИ дене шынықтыру пәні мұғалімі, Климов С.К. – Теміртау қаласының №4 ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.