Мұғалімдер оқыту курсының аясында инженерлік есептеме мен талдау, объектілерді құрастыру, прототиптеу, 3 өлшемді моделдеу негізінде қаланған «CREO ptc» жоғары деңгейлі бағдарламаны меңгереді. Сонымен қатар мұғалімдер 3d принтердің мүмкіндіктерімен танысады.
"CREO ptc" бағдарламасында жобаланатын спектр бұйымдары шектелмеген, олар - күрделі машина жасау механизмдері, көлік, ұшақ және қайықтарды модельдеу, киім және аяқ киім, жиһаз, адам денесін, сәулет объектілерін және моделдеу т.б.
Қарағанды облысының 23 мұғалімі жаңадан бастау курсы бойынша оқып жатыр, ал жалғастрыушылар курсы бойынша 30 мұғалім келесі аптадан бастауды жоспарлап отыр.
Мұғалімдер курстың жаңашылдығын және тренердің жоғары біліктілігін, сонымен бірге информатика, технология, сызу пәндерінің мұғалімдеріне берілген тақырыптар сабақ беру кезінде кеңейтілген жаңа мүмкіндіктер мен бағыттарды ашқанын атап өтуде.
Оқыту курсына «Синергия» (SINERGY) ғылыми – білім беру орталығының тренері Сарканов Серік Муратович шақырылды.