2017 жылдың 3 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығында «Туған жер»жобасыніске асыру шеңберіндемектептер мен колледждерарасындағы байланысты нығайту»тақырыбында кәсіптік бейімдеу бойынша семинар өткізілді. Семинарға кәсіптік бейімдеуге жетекшілік ететін колледж өкілдер қатысты (Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі, Теміртау кәсіби-техникалық колледжі, Теміртау сауда және азық-түлік колледжі, Балқаш сервис колледжі, Тау-кен металлургиялық колледжі және Нұра көпсалалы колледжі)
Семинарды Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің орынбасары Асакаева Д.С. құттықтау сөзбен ашты.
Семинар барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының әдіскері Любчанская Т.В. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру бойынша және «Базалық және кәсіби құзыреттілік нысандарын қалыптастыратын әлеуметтік жобалар» атты практикум өткізді.
Сонымен қатар, Шахтинск тау-кен индустриалды колледжінің оқу- тәжірибе бойынша орынбасары Бобровская Т.С. "Ерте бейіндеу – табысты кәсіптік бейімдеу кепілі" жобасы бойынша сөз сөйледі.