2017жылдың қазанның 3 мен 5 аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтарына арналған «Автоматтандырылған жұмыс орындары» атты курс өтті.
Психологтардың жұмысын автоматтандыруға, ағымдағы әлеуметтік-психологиялық диагностиканың өңделуін жеделдетуге, құжаттаманы электрондық форматқа аударуға, қағаз айналымын қысқартуға, студенттермен профилактикалық және түзету жұмыстарын жүйелеуге мүмкіндік беретін Excel және Access бағдарламалардың мүмкіндіктерімен танысты. Семинарға он екі колледждің он үш жас мамандары қатысты (ҚМУ «Қарағанды тамақ және қызмет көрсету колледжі» ҚМУ «Қарағанды агротехникалық колледжі», ҚМУ «Қарағанды тау-кен және өнеркәсіп колледжі», ҚМУ «Саран техникалық колледжі», ҚМУ «Теміртау техникалық колледжі», КМҚК «Шахтинск технологиялық колледжі», КМҚК «Абай көпсалалы колледжі», КМҚК «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі», КМҚК «Теміртау политехникалық колледжі» , ЖМ «Қарағанды заң колледжі» ЖМ «Фемида», ЖМ «Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі», ЖМ «Мирас» Теміртау көпсалалы колледжі»).
Курс осы жылы ТжКБ-да жұмыс істей бастаған психологтардың өтініші бойынша ұйымдастырылды. Қарағанды облысының колледждеріндегі психологтардың жұмыс жүйесі олар үшін тосын сый болды.
IT-технологиялары мен Microsoft Office бағдарламаларын білу психологтың кәсіби біліктілігінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Колледж психологтары Қарағанды облысындағы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімімен бірлесе бірнеше жыл бойы қызметті автоматтандыру, құжаттамалық жүйені жетілдіру және қағаз айналымын азайту бойынша жұмыс істеді.
Өткен жылдан бастап колледждер студенттерді әлеуметтендіру динамикасын диагностикалаудың автоматтандырылған жүйесін және Access бағдарламасын пайдалану негізінде студенттік контингенттің әлеуметтік төлқұжатын қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесін енгізді.Бұл бағдарламаларды пайдалану материалдарды өңдеу және тапсыру уақытын қысқартып, тек психологтың жұмысын автоматтандырмайды, сонымен қатар білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылар арасындағы өзара әрекеттесудің тиімділігін арттырып, жеке оқу траекториясын дамытады және оқу үдерісін ұйымдастырады.