Шағын жинақталған мектептерге консультациялық көмек.
2017 жылдың 5 қазанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында шағын жинақты мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында кеңес беру күні өтті. ББД ОӘО әдіскерлері жаңартылған білім беру мазмұнын еңгізу негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және РО даму стратегиясын құру, жүзеге асыру сұрақтарын талқылады.
Отырысқа Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы Қ. Смайылов ат. ЖББОМ №43 тірек мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және 4 магниттік мектептердің директорлары қатысты.