Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша семинар
2017 жылдың 06 қазанында«Ғ.Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ» КММ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің превенциясы жобасын іске асыру бойынша семинар – кеңесі өтті.
Семинар барысында денсаулық сақтау саласында кәмелетке толмағандардың арасында аутодиструктивтік әрекетін болдырмаудың; Қарағанды облысында бағдарламаны жүзеге асыру барысында педагог-психологтер мен жалпы практика дәрігерлері арасындағы өзара әрекеттесу механизмдерінің негізгі сұрақтары талқыланды.