Білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернат директорларының орынбасарларының қатысуымен өткізілген семинар-кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды: жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерін құру, сынып сағаттарының тақырыптары, облыстық педагогикалық олимпиаданы өткізу, ШЖМ-дің облыстық форумын өткізу, 5-7 сыныптарға арналған өлкетану электрондық оқулығын дайындау қорытындысы, «Жетістік формуласы» атты артта қалған 50 мектептің өсу бағдарламасын жүзеге асыру , білім беру ұйымдарының болашақ директорлары мен резервистеріне арналған курстардың бағдарламасын жүзеге асыру, электрондық сынып журналын енгізу, 1 тоқсан қорытындысы бойынша 5-10 сыныптарда «Айқын» білім сапасының мониторингісін өткізу туралы, облыс мектептерінің бес күндік оқытуға ауысуына талдау, Қарағанды облысында үш тілді білім беруді енгізу жағдайына талдау. Семинар-кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
2017 жылдың 12 қазанында білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернат директорларының орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді