Облыстық орыс тілі әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің отырысы
13-10-2017 04:28
Облыстық орыс тілі әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің отырысы
2017 жылы 12 қазанда білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттарының орыс тілі және әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшілерінің жоспарлы отырысы өтті.
Мақсаты: 2016-2017 оқу жылының қорытындысын талқылау және 2017-2018 оқу жылына жұмыс жоспарын құру.
Осы ісшараға 8 орыс тілі мұғалімі және №1, №2,№3 «Білім инновация» лицейі, Н. Нұрмақов, Жамбыл атындағы, «Мұрагер», «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаттарының әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Отырысқа қатысушылар ҰБТ қорытындысын, «Айқын», «Таным» жобаларының қорытындысын талқылады. Сонымен қатар, 5,7 сыныптағы жаңартылған білім мазмұны бойынша тәжірибемен алмасты.