2017 жылдың 13 қазаныныда Ресейдің 34 аймағында, сонымен қатар, Белорус, Қазақстан және Өзбекстанда «АТ – білім күні» өтті. Mail.Ru Group.
13-10-2017 11:07
2017 жылдың  13 қазаныныда Ресейдің 34 аймағында, сонымен қатар, Белорус, Қазақстан және Өзбекстанда «АТ – білім күні» өтті. Mail.Ru Group.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де орналасқан ІТ - Құзіреттілік орталығы  АТ саласының бүгіні мен ертеңіне арналған бұл шараға белсенді атсалысты. Оқушылар анагұрлым мәнді технологиялық трендтер жайлы, қазіргі кездегі және 10-15 жылдан кейінгі уақыттағы еңбек нарығында қандай АТ- мамандары қажет етіледі, сонымен қатар, өзіңнің АТ-бизнесіңді қалай ашуға болады және сандық өмірге тез бейімделе білу үшін технологиялар жайлы жалпы не білу керек екенін түсінді. 
Онлайн режімде өткен таныстырылым-сабақтың  қатысушылары 8-11 сынып оқушылары болды. Балалардың білуге, оқуға деген деген ынтасы мен көңіл-күйі аса жоғары деңгейде болды!  Mail.Ru Group «АТ – білім күні» акциясының басты мақсаты жүзеге асты! Оқушылардың көпшілігі болашақ мамандықтарына таңдау жасады. Бұл акция балалардың ақпараттық технологиялар саласында сапалы білім алуға деген ынтасын шыңдады. 
Mail.Ru Group тобының бас директоры Борис Добродеев бұл халықаралық деңгейдегі шараны қолдау барысында былай деді: «Бүгінгі оқушы балалардың  бір кездерде  сол мектепте оқып, сол партада отырып білім алған, ал, қазірде осы саланың аса жоғары кәсіби маманына айналған тұлғалармен кездесіп, тілдесуіне мүмкіндік сирек туады. Оның үстіне мектептер Оңтүстік-Сахалин, Стерлитамак, Челябі немесе  Воронеж облысының  Новая Усмань селосында орналасқан болса.  Біздің мақсатымыз – осы шаралардан кейін әрбір оқушының  болашақта АТ- салада  табысты іс ашып, табысты бизнес құруға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер өз қолында екедігіне сенімін арттыру болып табылады. Осы арқылы балаларды болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға бағыттағымыз келеді».
Сонымен қатар, Н. Э. Бауман атындағы МГТУ, Мәскеу қаласының «Жаңа технологиялар мектебі» жобасы және Мәскеулік  ашық білім беру институты, біздің ауыл педагогтеры мен оқушыларын біріктіретін  «IT - технологиялар» Құзіреттілік орталығы бұл шараның  оқушыларды кәсіби бағыттауға оң ықпалын тигізе отырып, олардың ақпараттық технологияларды терең  оқып-білуге деген танымдық қызығушылығының артуын және оны оқу үдерісінде белсенді пайдалануға ұмтылуын қамтамасыз ететінін, және де таныстырылым материалдарын педагогтердің  кәсіптік бағыт-бағдар беру сабақтарында арнайы ұсыныстар ретінде пайдалануға зор мүмкіндік беретінін  атап өтті. 
 
Қарағанда облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі 
«Ақ желкен» жастар баспасөз орталығы