2015 жылдың 16 қаңтарында «Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі заманға сай талаптары» атты семинар өткізді.
19-01-2015 09:09
2015 жылдың 16 қаңтарында «Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі заманға сай талаптары» атты семинар өткізді.

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі және Қарағанды облысы білім басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесіп 2015 жылдың 16 қаңтарында «Кәсіби бағдар беру жұмысының қазіргі заманға сай талаптары» атты семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты: білім беру жәнееңбек нарғындағыәрекеттестікті нығайту бағытында Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының білім беру жүйесіндегі кәсіби бағдар бойынша оң тәжірибелермен бөлісу.

Өткізілген орны: Қарағанды қаласы, облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимараты.

Қатысушылар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қарағанды облысы кәсіпкерлер Палатасының өкілдері, Алматы және Астана қалаларының және облыстық білім басқармаларының өкілдері, қала және аудан білім бөлімдерінің басшылары, Қарағанды облысының жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің  директорлары.

Семинарда қаралған сұрақтар:

1.     «Кәсіби бағдар беру жұмысының маңыздылығы» (Мадеев Сабыржан Маратұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры.

2.     «Қарағаны облысындағы кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру» (Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, Қарағанды облысы білім басқармасы ның басшысы).

3.     «Мамандық  таңдаудағы өзін-өзі анықтау бойынша ақпараттық кеңістіктің  кеңейтілуі туралы» (Сулейменов Руслан Хасанұлы Қарағанды облысындағы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары).

4.     «Инновациялық технология арқылы кәсіби бағдар берудің кешенді жолдары» (Асакаева Дана Саламатқызы, Қарағанды облысындағы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары) .

5.     «Дуальді оқыту жүйесі аясында кәсіби бағдар беру» (Оспанова Қарлығаш Асанқызы, Аймақтық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің меңгерушісі).

6.     «Тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауы – болашақтағы жетістіктің кепілі» (Жумабекова Алма Алтынханқызы, № 101 мектеп - лицей директоры).

7.     Қазіргі заман жағдайында жастардыңкәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауының даму стратегиясы» (Искакова Сайран Кабдулдинқызы, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары ).

8.     Мектеп -гимназияның кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру жұмысының жүйесі» (Королева Елена Александровна, Өскемен қаласының №11 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары).